Ғылыми жобалар

Ғылым бөлімі университетте жасалатын әр түрлі сала бойынша ғылыми зерттеу жобаларына, ынтымақтастық, талдау және инновация салаларында студенттер білімін кеңейтуді көздейді.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары

1) мұнай-газ кен орындарын игеру;
2) мұнай-химия, көмірсутекті өңдеу;
3) геоэкология және аймақтың табиғи байлықтарын қорғау;
4) энергияның альтернативті көздерін пайдалану;
5) ақпараттық технологиялар;
6) Маңғыстаудың мәдени-ұлттық құндылықтары контексінде өлкенің әдеби-тілдік мұралары тарихын зерттеу, этномәдениетін дамыту.

Университет ғалымдарының орындауындағы ғылыми-зерттеу жобаларының тізімі:
– Қазақ Университеттерінің технологиялық күшейтілген сапалы білім беруді қаматамсыз ету процесіндегі ықпалы
– CATOUR бағдарламасы бойынша гранттық келісім-шарт
– Геотермалдық энергия – бұл қолжетімді жылу көзі және электр қуаты
– Электр энергиясын өндіруде Каспий теңізі толқындарының әлеуетін пайдалану
– «Менің Арманым» атты STARTUP BOLASHAK жобасы
– Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 10 жоба