Ғылыми-зерттеу институты

Институтының миссиясы – ғылым саласында жоғары сапалы зерттеулер жүргізу және жоғары деңгейдегі зерттеу жобаларын қаржыландыру, қолданбалы және зерттеу құрылымдарын құру және дамыту.
ҒЗИ-ның негізгі (басым) бағыттары:
• Мұнай-газ кешенінің өңірдің табиғи ортасына әсерін зерттеу;
• Маңғыстау облысында уран кен орындарын игерумен байланысты экологиялық жағдайды жақсарту бойынша зерттеулер жүргізу және ұсыныстар әзірлеу;
• Тұтқырлығы жоғары және қатып қалу қабілеті жоғары мұнайдың физика-химиялық және реологиялық қасиеттерін зерттеу, құбыр көлігінің, мұнай өнімдерінің мәселелері;
• Мұнай битумдары және мұнай битумденген жыныстар мен мұнай эмульсияларын су өткізбейтін және жол бетіндегі байланыстырушы ретінде зерттеу;
• Каспий өңірі халықтары: орналасуы, тарихы және мәдениеті.

Университеттің ғылыми қызметін дамытатын негізгі көрсеткіштер:

  1. Университетті зерттеу және инновациялық орталық ретінде қалыптастыру.
  2. Университетте іргелі және қолданбалы ғылымды дамыту, әлемдік деңгейдегі сапада ғылыми зерттеулер мен жобалар жүргізу, зияткерлік меншік және ғылыми-техникалық жобалар өнімдерін коммерциялау үшін жағдай жасау.
  3. Университет қызметінің ұзақ мерзімді ғалами-білім беру кооперациясын қалыптастыруға және нновациялық қызметті белсендендіру бағыталлған стратегиялық серіктестермен жүйелі интеграциясы.
  4. Ш. Есенов атындағы КМТИУ айналасында мұнай-газ ісі саласындағы озық білім мен тәжірибені таратып, тиімді қолдану мақсатында қазақстандық және шетелдік зерттеушілер мен тәжірибедегі мамандардың қауымдастығын, озық ғылыми және білім беру орталықтарын қалыптастыру.
  5. QS рейтингі сияқты халықаралық рейтингтерде университет мәртебесін көтеру, сондай-ақ ең үздік әлемдік аккредиттеуді алу мақсатында Thomson Reuters, Web of Science индекстелген журналдардағы жарияланымдардың сапасы мен санын арттыру.
  6. Ғылыми зерттеулер мен жобалар арқылы университеттің ғылыми әлеуетін күшейту, әлемдік рейтингтерде лайықты орындарға ие болу, халықаралық аккредиттеулерді алу, ПОҚ мен студенттердің зерттеушілік құзіреттіліктерін көтеру, аймақтық, салалық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, экологиялық мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
  7. Ғылымның коммерциялануын қамтамасыз және қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін сыртқы қаржыландыруды тарту.