Академиялық ұтқырлық

Yessenov University-дің білім беру жүйесіне академиялық ұтқырлықты енгізу жас мамандарға маңызды білім алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Факультет үшін бұл ғылыми-педагогикалық өсу үшін мүмкіндік. Жалпы алғанда, университет үшін – әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау механизмі.

Академиялық ұтқырлық білім алушыларға басқа білім беру жүйесінде өзін-өзі сынақтан өткізу, қосымша білім мен жаңа кәсіби тәжірибе алу үшін таңдаулы білім алу мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық студенттердің сапалы білім беру бағдарламаларына, сұранысқа ие технологияларға және ғылыми зерттеулерге қолжетімділігін арттырады. Нәтижесінде, ол маманның өмірде лайықты орын алуға мүмкіндік беретін жоғары интеллектуалды капиталы бар бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру жолын ашатын кілттердің бірі болып табылады.

Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары