Информатика бойынша X Республикалық студенттік олимпиада

Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 4-6 сәуір, 2018 жыл

Құрметті оқытушылар және студенттер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кестесіне сәйкес 2018 жылға арналған базалық жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадалар өткізу үшін «Көлік және құрылыс» факультеті мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының 5В011100-Информатика мамандығы студенттеріне информатика бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізеді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
1 кезең: бағдарламалау бойынша есептерді шешу (топтық тур)
2 кезең: бағдарламалау бойынша есептерді шешу (жеке тур).
Бағдарламалау тілдері: Pascal, Delphi, C / C ++
Олимпиаданы өткізу тілі – қазақ, орыс.

Топтық турда университеттің барлық қатысушылары бірігіп тапсырмаларды орындайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталады.
Жеке турда 1-ші турға қарамастан максималды ұпай санына байланысты жеңімпаздар анықталады. Ұпайлар саны бірдей болса, есептерді шешу уақыты есепке алынады.

Есептерді шешу үшін келесі бағдарламалық қамтамасыздандыру қамтамасыз етіледі:
• Microsoft Visual Studio Professional 2008 (ASP.NET, C#, C++)
• NetBeans IDE (JDK 7.51)
• Builder C++ 6
• Delphi 7
• Free Pascal
• DEV-C++

Қатысушыларға басқа бағдарламалық жасақтама қажет болса, өтініште қажетті компиляторды көрсетіңіз. Егер қосымшада басқа компилятор көрсетілмесе, қатысушылар тек ұсынылған бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істейді.

Университеттің бірінші басшысымен расталған олимпиадаға қатысуға өтініштер және тіркеу карточкалары 2018 жылдың 26 наурызына дейін olimpiada-2018-Yessenov@mail.ru электрондық поштасында қабылданады. Өтініш (қолы, мөрі және шығыс нөмірі бар) сканерленіп, электронды түрде жіберілуі қажет. Өтініш түпнұсқасы келу кезінде ұсынылуы керек. Тіркеу карточкалары .doc форматында көрсетілген электронды адреске жіберіледі. Қатысушының сертификатын толтыру үшін жеке куәліктердің көшірмесін және студенттің сынақ кітапшасын жіберу керек.
Олимпиадаға қатысу және тұруға байланысты шығындарды жіберуші тарап көтереді. Орналастыру студенттік жатақханада немесе қонақ үйде ақылы негізде болуы мүмкін. Университет жатақханасында тұру үшін өтініштер Құман Бақыт Танқыбайқызына 8 (7292) 425 765 телефоны және e-mail: kulman.b@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Университеттің мекен-жайы: Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Бас ғимарат
тел: 8(7292) 42-57-24, 8(7292) 42-57-29.
olimpiada-2018-Yessenov@mail.ru

Басшықызы Динара
тел:8778-381-13-93
dikonia_is-11@mail.ru

Келгеннен кейін
• Команда жетекшісінде болуы керек:
1. Жеке куәлік
2. Түпнұсқалық өтініш (мөрмен, қолымен)
• Студенттің жеке куәлігі және сынақ кітапшасы (түпнұсқа) болуы керек.

Информатика бойынша студенттердің X Республикалық пәндік олимпиаданың бағдарламасы 4-6 сәуір, 2018 жыл

4 сәуір, сәрсенбі

Қатысушылардың келуі және орналасуы.

5 сәуір, бейсенбі

9:00 – Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу (Бас ғимарат).
10:00 – Олимпиаданың салтанатты ашылуы (Бас ғимараттың конференц залы)
11:15 – Олимпиада есептерін шығару ережелерімен және есептердің нәтижесін тексеретін бағдарламамен танысу. (Бас ғимарат, 7 этаж).
Бағдарламалық ортада байқау тесттік есептерді шығару (Бас ғимарат, 7 этаж).
13:00-14.00 – Түскі ас.
14:30-17:30 Олимпиаданың бірінші туры (Бас ғимарат, 7 этаж).
18:00 – Бірінші турдың нәтижесі.
18:30 – Университет мұражайымен танысу.

6 сәуір, жұма

10:00-13:00 Олимпиаданың екінші туры (Бас ғимарат, 7 этаж).
13:00-14.00 Түскі ас.
14:00-16.00 Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен танысу.
16:30 – Бос уақыт
17:00 – Олимпиаданың салтанатты жабылуы (Бас ғимараттың конференц залы).

7 сәуір, сенбі

Олимпиадаға қатысушылардың қайтуы.

Қатысу туралы өтініш Информатика бойынша 10-шы Республикалық студенттік олимпиадада

_________________________________ студенттік олимпиададағы қатысуға жіберу
(ЖОО аты)

олимпиададаға команданың құрамы:
1. ________________________, студент/ку ____ курс;
(А.Ж.Т.)
2.
3.

Команданың жетекшісі: __________________________________
(А.Ж.Т.., қызметі)

Телефон:
Факс:
e-mail:

ЖОО жетекшісінің қолы,мөрі.

Олимпиаданың қатысушысының тіркеу карточкасы

  1. Аты-жөні (толықтай) команда мүшесі
  2. Университет (толық атауы), шифры, мамандығы, қатысушы курсы
  3. Мекен-жайы, байланыс телефоны / факс, қатысушының электронды поштасы

Ескерту: Тіркеу картасы әр қатысушы үшін жеке-жеке толтырылады.

Команданың жетекшісінің тіркеу карточкасы

  1. А.Ж.Т., жетекшінің қызметі
  2. Қонақүй бөлмесін броньдау(иа/жок)

Оргкомитет

130003, г. Актау, 32 шағын аудан, негізгі корпус.
тел: 8(7292) 42-57-24, 8(7292) 42-57-29. Факультет «Көлік және құрылыс».

e-mail: olimpiada-2018-Yessenov@mail.ru

Орындаушы: Басшықызы Динара
тел:8778-381-13-93
dikonia_is-11@mail.ru

Шығындар олимпиада қатысушы жағынан туындайды.

130003, Ақтау қ., 32 шағын аудан, негізгі корпус.
8(7292) 42-57-24,
8(7292) 42-57-29.
4-6 сәуір, 2018 жыл

Сұрақтарыңыз болса:

Барлық іс-шаралар



«Yessenov University үздік стартап жобасы» байқауы