Пәндік олимпиада

«Академик Ш.Есенов атындағы» олимпиадаға қатысып, университет грантын ұтып ал

Олимпиадаға мектеп бітіруші 11-ші сынып оқушылары және колледждің соңғы курс білім алушылары қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
1 кезең – ТЕСТ (on-line режимінде өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу: http://yu.edu.kz); мерзімі: 1 ақпан 2018 ж.– 31 наурыз 2018ж.
Олимпиаданың 1-ші кезеңі математика, физика, химия, биология, география, тарих, ағылшын тілі, оқу тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тапсырмалардан тұрады.
2 кезең – презентация немесе бейне эссе дайындау; мерзімі: 1 сәуір 2018 ж. – 31 мамыр 2018ж.

Бағалау критерийлері:

1 кезең: тестілеу нәтижелері;
2 кезең: әлеуметтік желілерде #yessenovUniversity және #yu.edu.kz хэштегтері арқылы құрылымы мен ұйымдастырылуы, тақырыпты білуі, креативтілігі және көрнекілігі арқылы ең көп көрушілер және лайктар санымен бағаланады;
3 кезең: олимпиаданың қорытынды нәтижесінде ҰБТ баллдары ескеріледі.

Байланыс телефоны: +77292 42 58 20
1 ақпан 2018 ж. – 31 наурыз 2018 ж
ҚР 11-ші сынып оқушылары және колледждің соңғы курс білім алушылары қатыса алады

Сұрақтарыңыз болса

Барлық іс-шаралар