ХАБАРЛАНДЫРУ

Yessenov University осы жылы бітіретін мектеп,  колледж түлектерін  «YU – Менің таңдауым» стартап жобалар байқауына қатысуға шақырады!

«YU – Менің таңдауым» байқауы – өңірдің амбициялы жастарына арналаған 4 кезеңнен тұратын стартап жобалары байқауы 

Байқау мақсаты:
Маңғыстау облысы жастары арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, жастарға қолдау көрсету.

Байқау міндеттері:

  • Жастардың арасында кәсіпкерлік ісін дәріптеу;
  • Жас Кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына ықпал ету;
  • Бастапқы Кәсіпкерлерге тәжірибелі Жетекшілердің/Тәлімгерлердің қолдау көрсетуі;
  • Кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарына қол жетімділігін кеңейту;

Байқау кезеңдері:

  1. Өтініштерді қабылдау – қаңтар 2019 ж.
  2. Іріктеу кезеңі – өтініштер бойынша мектеп, колледж деңгейінде іріктеу
  3. Жартылай финал – YESSENOV UNIVERSITY-де Startup Weekend. Үздік 100 жоба жергілікті тренерлер мен менторлардан қолдау алады.
  4. Финал. Demoday –Үздік 50 жоба оқу грантын жеңіп алу үшін бақтарын сынайды. Жеңімпаздарды марапаттау.

 Өтінімдерді қабылдау: қаңтар 2019 ж.

Өтетін орны: Актау қаласы, Yessenov University

Байқау ұйымдасытушысы: Yessenov University

Байқауға 15-22 жастағы осы жылы мектеп және колледж бітіретін түлектер қатыса алады.

ҚАТЫСЫҢЫЗ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛЫҢЫЗ!

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН:

  1. БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫҢЫЗ
  2. СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ТІРКЕУДЕН ӨТІҢІЗ  https://goo.gl/forms/PZ9tS3uSP66QhUqK2
  3. ӨЗІҢІЗДІҢ СТАРТАП-ЖОБАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚОРҒАҢЫЗ

Байқауға қатысу тегін!

Байқау кезінде жастардың идеядан жоба сатысына дейін дайындауға көмектесеміз  және университетте оқу грантын жеңіп алып, бизнес жобасын Yessenov University Каспий Кәсіпкерлік орталығының қолдауымен жүзеге асыруға мүмкіндік береміз.

Қосыша ақпаратты келесі мекен-жай арқылы аласыз: 

Yessenov University,

Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі, кабинет 12-04,

Анықтама телефон +7(7292)42-02-29,  +7 701 092 44 14

электрондық почта: startup@yu.edu.kz