ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Сіздерді Yessenov University “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілетін «Қиын шығарылатын көмірсутегі кен орындарын игерудің геологиялық және технологиялық аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 18 сәуір 2019 жыл

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 32 ш.а., Yessenov University

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Негізгі мақсаты: геология және мұнай-газ өндіру саласындағы жаңа әзірлемелермен танысу, ақпарат алу және оларды баптау және практикалық пайдалану, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ экономикалық тиімділікті негіздеу тәжірибесімен алмасу мүмкіндігі.

Міндеттер:

  1. Жастар жылында “Рухани жаңғыру” ұлттық бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау;
  2. Сапалы экономикалық өсуді, отын-энергетика кешені мен мұнайгаз, геология ғылымын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған өзекті проблемалар бойынша мәселелерді талқылау;
  3. Каспий өңірінің экологиялық проблемаларын шешу. Жасыл технологиялар, инновациялар және қол жетімді энергия.
  4. Өндірістік процесті жаңғырту және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында геология, мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы өзекті ақпаратпен, ғылыми біліммен және практикалық тәжірибемен алмасу.
  5. Білім беру бағдарламалары мен инновациялық жетістіктерді интеграциялау арқылы осы салаларда мамандарды даярлау кезінде оқу процесін жетілдіру.

«Қиын шығарылатын көмірсутек кен орындарын игерудің геологиялық және технологиялық аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысы келесі бағыттарда жүргізілетін болады:

  1. Мұнайгаз саласындағы геологияның қазіргі жағдайы мен даму болашағы;
  2. Көмірсутектерді өндіру саласындағы экологиялық проблемалар және химиялық технологиялар;
  3. Мұнайгаз секторын дамытудың техникалық аспектілері;
  4. Экономикалық аспектілер және ақпараттық технологиялар, мұнайгаз саласындағы коммуникациялар.

Конференция бағдарламасы:

18 сәуір 2019 ж.

1000 –1100 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс

1100 –1200 – Yessenov University бойынша экскурсия

1400 – 1500  – SPE студенттік секциясы ұйымдастырған зияткерлік ойындар

1500 – 1700  – Секциялық отырыс

1700 – 1800 – Қорытынды шығару. Конференцияның жабылуы

Конференцияға қатысуға өтінімдер (төменде берілген үлгі бойынша), электронды нұсқадағы баяндамалар мәтіндері, ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері (3000 теңге көлемінде) 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда) электрондық пошта ryskol.bayamirova@yu.edu.kz  арқылы немесе мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130003, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 24 ш / а., Есенов университеті ғимараты, №2 оқу ғимараты, “Мұнайгаз инжиниринг” кафедрасы, 401 кабинет, анықтама телефоны: +7(7292)41-76-86,

Конференция туралы ақпаратты интернеттен мына мекен-жай бойынша ала аласыз: http://yu.edu.kz/

СІЗДІҢ ҚАТЫСУЫҢЫЗҒА ҚУАНЫШТЫМЫЗ!

Ұйымдастыру комитеті

Конференцияға қатысуға өтінім

1Баяндамашы(лар) аты-жөні (толық)
2Ғылыми дәрежесі, атағы
3Жұмыс орны, лауазымы
4Баяндама тақырыбы
5Секцияның нөмірі және атауы
6Қатысу түрі (күндізгі, сырттай)
7Пошталық мекен-жайы
8Байланыс телефоны, факс, e-mail
9Баяндама түрі: ауызша, стенд
10Қажет: жеке шақыру
Қолы                                                    Күні

 

ЖАРИЯЛАНАТЫН МАТЕРИАЛДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Өтінімдер мен баяндамалар электрондық нысанда (электрондық пошта арқылы) doc немесе rtf кеңейтуімен екі файл түрінде ұсынылады. Өтінім бар файл бірінші автордың ұйымының қысқартылған атауы бойынша, тезистері бар файл – бірінші автордың тегі бойынша (мысалы, IGCE.doc; Ivanov.doc).

Жарияланатын материал: міндетті түрде УДК, аннотация, кілт сөздер, мәтін Word 6.0 редакторында терілуі тиіс, Парақ форматы – А4, шрифт Times New Roman Cyr, әріптер өлшемі 12, барлық жағынан 2,5 см.

Аннотация мәтіннің басында мақала көрсетілген тілде беріледі(40-50 сөз). Аннотация ғылыми шығарманың тақырыбы мен құрылымы туралы жалпылама түсінік беретін қысқаша мазмұндама болып табылады.

Түйінді сөздер мақала мазмұнын барынша толық ашуды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін 5-6 кілт сөзді олардың маңыздылығы бойынша қойыңыз, яғни мақаланың ең маңызды кілт сөзі тізімде бірінші болуы тиіс.

Баяндаманың атауы: бас әріптермен, орталықтанған; авторлары: тегі және аты – жөні (титулдары көрсетілмейді), ведомстволық тиістілігі көрсетілген ұйымның толық атауы- орталықтанған. Мәтін ені бойынша тураланады; интервал бір; абзацтық шығыңқы – 1,5 см. Мәтін баяндама қалпынан бір бос жолдан бөлінген. ПОҚ үшін тезис көлемі– 2-4 бет, студенттер үшін – 1-2 бет.

Иллюстрациялар: суреттер, фотосуреттер және кестелер мәтінге енгізілуі тиіс. Суреттер мен фотосуреттерге қойылған қолдар олардың астында бір интервал өткізілгеннен кейін орналастырылады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ортасында, суреттер нөмірленеді (мысалы: 3-Сурет. Уақытпен жүйенің жай-күйінің өзгеруі). Кестелер Word редакторының құралдарымен басылады. Кестелердің атаулары кестенің үстінде орналасады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ені бойынша туралау, кестелер нөмірленеді (мысалы: 2 – Кесте. Үлгі параметрлерінің мәндері).

Формулалар: Microsoft Equation формулаларының редакторында орындалады (айнымалылар курсивтік сызуға ие, өлшемдері: кәдімгі – 12 pt, ірі индекс – 10 pt, ұсақ индекс – 7 pt, ірі таңба – 22 pt, ұсақ таңба – 12 pt), абзацтық шегініс – жоқ, туралау-беттің ортасында, қажет болған жағдайда формулалар оң жағында нөмірленеді. Белгілеулердің мағынасын ашу формуладан кейін орналастырылады, абзац шегінісі-жоқ.

Әдебиетке сілтемелерді төртбұрышты жақшада [1, 2] мәтіндегі дәйексөз ретінше көрсету керек.

Әдебиеттер тізімі мәтін соңында орналастырылады және бос жолмен бөлінеді. “ӘДЕБИЕТ” тақырыбынан кейін-жолды өткізу, тақырыбы орталықтанған, қалың қаріп – 12 pt. Әдебиеттер тізімінде авторлардың аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетіледі. Монографиялар үшін қала, баспа, жыл, беттер саны; журнал мақалалары үшін – журнал атауы, жылы, том, нөмірі (шығарылымы), беттері; жинақтардағы мақалалар үшін – жинақтың атауы, қаласы, баспасы, жылы, беттері; электронды ақпарат көздері үшін – тиісті сайтқа сілтеме, 3-тен артық емес.

БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 10 СӘУІР 2019 Ж. АЯҚТАЛАДЫ.

 

МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Конференция жұмысы мен дайындығы туралы ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады::

130003, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан., №2 оқу ғимараты, “Инжиниринг” факультеті»

“Мұнайгаз инжиниринг” кафедрасы , 401 кабинет,

анықтама үшін телефон: +7(7292)41-76-86, +7 701 645 42 12,

сайт: http://yu.edu.kz/

электрондық пошта: ryskol.bayamirova@yu.edu.kz

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Ұйымдастыру жарнасын төлеу мынадай деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қабылданады:

ШЖҚ РМК “Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті”

Ақтау қ.32ш.а.

БИН930 640 000 430

ИИКKZ11826R0KZTD2002941

БИК: ALMNKZKA

КБе: 16

             «АТФбанк» АҚ МФ 

Ұйымдастыру комитеті