Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропа елдерінде білім алуға конкурс жалғасуда

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 17 қаңтардағы №18 бұйрығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы КМТИУ-ға Еуропа елдерінің жетекші оқу орындарында білім алу үшін 10 орын берілгендігін хабарлаймыз. Осыған орай 08.02.2019 жылы сағат 15:00-де 12-8 кабинеті халықаралық бөлімге келесі қажетті құжаттар жиынтығын әкелуіңізді сұраймыз.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалдық расталған түрлі-түсті көшірме);

2) № 082/у нысанындағы медициналық анықтама;

3) білім туралы құжаттар (нотариалды расталған түрлі-түсті көшірмелері): ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

4) ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын халықаралық тұрғыда танылған сертификат (IELTS, TOEFL);

5) он сегіз жасқа толмаған өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) екі (2) айдан астам мерзімге жазбаша келісімі;

6) грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері (болған жағдайда, мамандығына сай, нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған);

Академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл болған жағдайда:

– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– бала кезінен мүгедектер немесе мүгедек балалар;

– көп балалы отбасылардың балалары басымдыққа ие.

1) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);

2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама, болған жағдайда).

3) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе соттың асырап алу туралы шешімінің көшірмесі, барлық кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мекенжай анықтамасы.

Қосымша: Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары.