«Қазақстанның инновациялық дамуы - бәсекеге қабілетті жастар»
студенттердің облыстық ғылыми конференциясы
БАҒДАРЛАМАСЫ
13 наурыз, 2019 ж.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің «Инжиниринг» факультеті сіздердітехникалық ғылымдардағы  ғылыми мәселелерді әзірлеу және зерттеумен айналысатын”Қазақстанның инновациялық дамуы – бәсекеге қабілетті жастар”  атты студенттердің облыстық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Өткізілетін күні: 13-наурыз 2019 жыл
Өткізу орны: Ақтау қаласы, 24 ш/а., №2 корпус
Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі.
Негізгі мақсаты: қазіргі заманғы өзекті мәселелерді шешуде инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
– студенттерді ғылыми қызметке тарту;
– инноватиканың іргелі мәселелеріне назар аудару;
– қазіргі заманғы инжиниринг саласында белгіленген жетістіктерді бекіту және болашаққа арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
– инновациялық жобаларды тиімді жүргізу үшін ғылыми ұжымдарды қалыптастыру;
– білім беруде, ғылымда, техникада ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде инновациялық шешімдерді талқылау.
Конференцияға қатысушылар: ҚР жоғары оқу орындарының студенттері, колледж студенттері.
Конференция аясында келесі іс-шаралар өтеді:
9 00 – 9 30 – Қатысушыларды тіркеу
9 30 – 10 30  Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
11 00 – 13 00 Секциялар жұмысы
13 00 – 13 30 Қорытындылау. Конференцияның жабылуы

Ақпараттық хат және бағдарлама