БАЙҚАУ

«YESSENOV UNIVERSITY ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ»

 ХАБАРЛАНДЫРУ!

Yessenov University Сіздерді   І Халықаралық Есенов оқулары аясында өтетін «Yessenov University Үздік жас ғалымы» байқауға шақырады.

 Өтетін уақыт: 25 қыркүйек – 15 қазан 2018 ж.

 Өтетін орны: Ақтау қ., 32 шағын ауданы, Yessenov University

 Байқауды ұйымдастырушы: Yessenov University (организационный комитет Конкурса)

 Байқау мақсаты: Yessenov University студенттеріне, магистранттарына және жас ғалымдары мен мамандарына  ұйымдастыру-әдістемелік көмек, ғылыми және инновациялық қызметті белсенді жүргізуге, олардың ғылыми жетістіктерін танымал ету, білім беру және өндірістік процестерге зерттеу нәтижелерін енгізуді арттыру.

Байқаудың міндеттері:

  • жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық белсенділігін жандандыру, олардың баспа қызметін ынталандыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде ғылыми және инновациялық қызметтің табысты тәжірибесін тарату;
  • инновациялық, білімге негізделген экономика мен университеттік ғылымның дамуына үлес қосатын жас ғалымдарды ынталандыру;
  • жас ғалымдарды қолдау мәселелеріне мемлекеттік және мемлекеттік органдардың назарын аудару.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары келесі қағидаттарға негізделген:

  • Жариялылық пен ашықтық;
  • Байқау туралы ақпаратты алуға және таратуға еркіндік;
  • Барлық жас ғалымдарға олардың жұмыс орнына қарамастан құқықтарының теңдігі;
  • Бәсекеге қабілеттілік, байқауға өтінімді қарау негізі;
  • Зерттеудің бірегейлігі мен ерекшелігі.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға қатыса алады:

  • PhD доктор атағы бар жас ғалымдар – 35 жасқа дейін(әрі қарай – Ізденуші);
  • ғылыми дәрежесі жоқ жас ғалымдар (магистранттар, PhD-докторанттар) 35 жасқа дейін.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН:

  1. БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ(положение Конкурса)
  2. ТІРКЕУДЕН ӨТІҢІЗ (анкета толтырыңыз) (приложение 1)
  3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ ЖӘНЕ ЖЕҢІҢІЗ!

Байқау тегін!

Байқауға дайындық және жұмысы жайлы ақпаратты:

130003, ҚР, Ақтау қаласы  32 шағын аудан, Ш. Есенов университетінің Бас ғимараты,  Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі 12-04 каб, +7(7292)42-02-29, +7(7292)42-57-80, +77783041653, aliya.janissenova@yu.edu.kz