Орыс тілі мен әдебиеті

Мамандықтың сипаттамасы:
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Бұл мамандық орыс тілін жетік меңгеруімен қызық.
Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі болып саналады. Орыс тілінде саясат пен экономика, ғылым мен білім мәселелерін талқылайтын бүкіләлемдік конгресстер, халықаралық мәжілістер өтеді. Ағылшын тілімен қатар орыс тілін жетік білу, әсіресе, саяхатты ұнататын адамдарға қажет, өйткені бұл тіл оларға әлемнің түрлі қалалары мен елдерінде еркін жүру, әлемнің ең керемет мұражайлары мен театрларын көру мүмкіндігін береді.
Орыс тілі ТМД елдерінің арасында дәнекер қызметін атқарып, олардың ұлттық мәдениеттерінің өзара байланысуына әсер етеді.
Орыс тілінің мәртебесі «Тілдер туралы» Заңында айтылғандай, ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып анықталған және ол мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару органдарында қолданылады.
Мемлекеттік органдар жүйесінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттар қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізіледі.
Оқудың артықшылығы:
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• жүйелік-құрылымдық және функционалдық тіл білімі жағынан қарастырғанда синхрония мен диахрониядағы орыс тілі;
• тарихи дамуындағы орыс әдебиеті және оның қазіргі жағдайы.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Жас филолог» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды.
Студенттер «Лингвистиканың өзекті мәселелері» және «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» бағыттары бойынша оқу және ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізумен айналысады. Жас зерттеушілердің тақырыбы заманауи филологияның маңызды аспектілерін және филологиялық пәндерді оқыту әдістерін қарастырады. Студенттер қазіргі заманғы тілдің лингвистикалық құбылыстарын зерттеуде өз бетінше талдау мүмкіндігін көрсетеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы болып табылады.
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, оның ақиқатын түсіну, бизнестегі әрбір сөздің қадірін ұғынуды үйренеді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• білім беру қызметі (педагогикалық): орта жалпыға білім беру мектептеріндегі, арнайы орта білім беру ұйымдарындағы, кәсіптік мектептердегі, сондай-ақ басқа түрдегі және нысандағы оқу орындарындағы, әртүрлі оқыту курстарындағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
• эксперименталды-зерттеу саласында: зерттеуші мұғалім немесе әр түрлі қорлар мен жобалар қызметкері;
• ұйымдастырушылық-басқару саласында: мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі түрлі деңгейдегі жетекшілер;
• редакторлық салада: баспа редакторы;
• БАҚ саласында: журналист, дикторлық, тілшілік, редакторлық қызметтерді атқара алады.
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлек келесі орындарда қызмет атқара алады:
– барлық деңгейдегі білім мекемелерінде;
– ғылым;
– мәдениет;
– баспа;
– аударма саласында;
– радио мен телевидение саласында;
– жарнама саласында;
– туризм саласында;
– мемлекеттік қызметте;
– мемлекеттік емес және қаржы мекемелерінде орыс тілді сауатты меңгеруді талап ететін түрлі деңгейдегі маман.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5В011800
Академиялық дәрежесі:
Орыс тілі мен әдебиеті білім бакалавры
Таңдау пәні: Оқу тілі мен әдебиеті
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Орыс тілі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

«Yessenov University»-де оқыған 2 жыл ішінде мен университетіміздің қоғамдық жұмыстарына ат салысып, көптеген іс-шараларға қатысып үлгердім. Соның ішінде, есте қаларлығы – өзім секілді белсенді студенттермен бірге еліміздің маңызды да елеулі шарасы ЕХРО-2017 барғаным болды

Дузелбаев Алтынбек

«Yessenov University»-ге оқуға түсу – менің арманым болатын. Осыдан 2 жыл бұрын сол арманыма қол жеткізген күннен бастап, жаныма жақын көп достарды таптым, білікті оқытушылардан дәріс алып, мамандығым бойынша баға жетпес фундаменталдық білім алдым. Мен «Yessenov University»-де оқитынымды мақтан тұтамын

Назаркулова Асемай

Сұрағыңыз болса: