Ғылыми зерттеу жұмыстары

«Мұнай және газ» факультеті ғылыми зерттеулер бағыты бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ғылыми жобаларының жеңімпазы атанып, қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын жан-жақты жүзеге асыруда.
Студенттер мен оқытушылар құрамы ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, ғылыми жаңалықтар жарияланатын форумдардың тұрақты қатысушылары.
Факультет қабырғасында студенттер оқу зертханаларында, «Ашық аспан астындағы оқу-әдістемелік полигонында» машықтанып, білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдау үстінде.

Халықаралық қатынас

Факультетте халықаралық қатынастар – ТМД елдері мен шетел жоғары оқу орындарымен ғылыми-техникалық байланыс келісім шарттар негізінде іске асырылуда. Жоғары санатты А.Церетели атындағы Грузия Мемлекеттік университетімен, Астрахан Мемлекеттік Техникалық Университетімен, Баку Техникалық Университеті және тағы басқада жоғарғы оқу орындарымен қатынас орнатқан.
Факультет академиялық ұтқырлық бойынша Болгария мемлекетінің Асен Златаров атындағы және Габрово Техникалық Университеттерімен үздіксіз байланыста.