ЖОО-ғы академиялық ұтқырлық

«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Ж.Т.Қобланов Қарақалпақстан Республикасы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында іс сапарда болды. Іс сапар барысында профессор Ж.Т.Қобланов осы институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-3 курс студенттеріне «Ежелгі дәуір әдебиеті» және «Әлем әдебиеті» пәндерінен дәріс сабақтар оқыды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы оқытушыларына шеберлік дәрістерін жүргізіп, оқу-әдістемелік шараларға қатысты. Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының «Өзбек әдебиеті» кафедрасында А.Науайы атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің профессоры, ф.ғ.д., жазушы У.Хамдам, Ғ.Ғулом атындағы баспа қызметкері, ақын Г.Бегим және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. И.Якубовтармен кездесті.