Инжиниринг факультетінде өткен пікірталас

«Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының оқытушылары Сейдалиева Л.К., Джаналиева Н.Ш. Койбакова С.Е., Сырлыбекқызы С. «Жасыл технологиялар қазақстандық қоғамды жаңғыртудың негізі» тақырыбында пікірталас өткізді. «Экология», «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі», «Ақпараттық жүйелер», «Кадастр», «Мұнай және газ ісі» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты. Іс-шара жаңа инновациялық технологияларды талқылау және пікірталас түрінде өткізілді.

4 курс студенті Улыкпанова Мадина, 3 курс студенті Абибукирова Зере және 2 курс студенттері Мустафаева Мариям, Айжигитова Жанаргүл баяндама жасады. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, қазақстандық қоғамның жаһандық мәселелері бойынша көзқарасын білдіріп, қызу талқылады.