Yessenov University жалпыхалықтық диктант акциясына белсенді түрде ат салысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.

Жалпыхалықтық диктантқа Yessenov University 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында оқытушылар, докторанттар, магистранттар  және студенттер бар.