«Өзенмұнайгаз» басшылығымен кездесу

26 маусым күні Yessenov University басшылығы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшылығымен кездесуге шақырылды. Кездесу барысында Ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды қаржыландыру және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы ҚР кодексіне сәйкес өңіріміздің экономикалық өсімін  және қоғам әл-ауқатын қамтамасыз етуде тәжірибе алмасу  мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар ұйым басшылығы университетте МВА курсынына кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша өз ұсыныстарын білдірді