Yessenov University мен «Маңғыстау электротораптық  бөлу компаниясы» АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында келесі негізгі бағыттар бойынша білім беру және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық жүзеге асырылады:

–  өндірістік тәжірибені қамтамасыз ету;

– 5В071800 “Электроэнергетикасы” мамандығының студенттерін даярлау және кәсіпорынның өндірістік нысандарында тікелей зертханалық және тәжіриебелік сабақтар жүргізу үшін “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы” АҚ базасында «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының филиалын ашу;

– тәжірибелік  және зертханалық сабақтар жүргізу жолымен студенттердің оқу-білім үрдісіне өндіріс мамандарын тарту;

– университеттің оқытушыларын тәжірибеден өткізу;- зерттеу жобалары бойынша ғылыми тәлімгерлікті дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде ғылым мен инновациялық өндірістің интеграциясын алға жылжыту.

Сонымен қатар Ресей ғылым академиясы П.П. Ширшов атындағы Океанология институтының делегациясымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, делегация мүшелері «Мұнай және газ» факультетінің материалдық-техникалық базасымен танысты және университет ғалымдарының қатысуымен «Каспийдің өзекті мәселелері және ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Каспий мәселелері бойынша ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.