Ғылыми семинар өтті

22 ақпан күні «Экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» кафедрасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ғылыми семинар өткізді.

Баяндамашы, аға оқытушы Закир Акберов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, заң үстемдігіне, білім берудің жаңа сапасына және білім беру бағдарламаларының негізгі басымдықтарына ерекше назар аударды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы баяндаманы талқылауға белсене қатысты. Талқылаудың қорытындысы бойынша Жолдаудың негізгі бағыттарын олардың кәсіби қызметінде жүзеге асыруға үлес қосу туралы шешім қабылданды.