MarTek технопаркімен меморандум

Yessenov University мен MarTek технопаркі (Түркия) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Yessenov University басшылығы Түркия еліндегі ең ірі технопарктердің бірі MarTek технопаркінде іс-сапарда болды.
Университет базасында технопарк ашу мақсатында MarTek технопаркінің осы бағыттағы жаңа озық технологиялармен және материалдық-техникалық базасымен танысып, ынтымақтастық түйіндері анықталып, келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Yessenov University мен MarTek технопаркі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.