Beykent University-мен меморандумға қол қойылды

Yessenov University басшылығы университетімізді дамытудағы басымдықтардың бірі болып саналатын халықаралық ынтымақтастық орнату аясында білім беру қызметтерін экспорттау, интернационализацияны дамыту мақсатында Түркия елінің Beykent Университетінде іс-сапарда болды.

Униврситет басшылары кездесіп халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсатында ынтымақтастық түйіндерін анықтап, келіссөздер қорытындысы бойынша Yessenov University мен Beykent University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.