2018 жылдың 12 қыркүйек күні “Бизнес және құқық” факультетінде “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының ұйымдастыруымен “Халықаралық қатынастар” және “Туризм” мамандықтары студенттеріне арналған “Тea party” тақырыбындағы презентация өтті. Презентация барысында студенттер бір-бірімен еркін түрде араласып, танымдық викторинаға атсалысты.

Презентацияның мақсаты: «Халықаралық қатынастар» және «Туризм» мамандықтарының 1-курс студенттерінің Yessenov University-дің жоғарғы курс студенттерімен танысып, еркін форматта араласып, болашақ мамандығына қызығушылығын қалыптастыру және көрсету.