Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде іс-сапарда

Yessenov University басшылығы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында оқу үдерісін және ресурстарын цифрландыруды жаңғыртуда еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының  жаңа озық технологияларымен тәжірибе алмасуда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде болды. Кездесу барысында  университеттің жаңа технологияларымен жабдықталған ситуациялық орталығының жұмыс жасау принциптерімен танысып, ой бөлісті және Әл-Фараби кітапханасында мен музейінде болды. Одан әрі, «Жасыл технология» алаңында және «Аквапоника» жиынтығындағы, яғни заманауи үлгідегі технопарктегі ғылыми жобалар мен үздік тәжірибелерімен танысты. «Жасыл технология» орталығындағы «Кіші – Экспо», «Жасыл  энергетика»  бойынша энергия алудың жаңа технологияларын (жел, күн, гидро)  геотермальды  биогазды және сутектің көмегімен инновациялық жобаларды жүзеге асыру жолдарымен танысты. Орталықтағы заманауи технология мен ауқымды инжиниринг негізінде жаңа үлгідегі мамандықтарды дайындау тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, орталықтағы «Plant Factory» инновациялық технологияны қолданып, энерготиімді жылыжайдың жұмыс жасау технологиясымен бөлісті. Кездесу одан әрі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында жалғасты.  «Al -Farabi University Smart City»  –  студенттер қалашығы және «Керемет» орталығы жастарды, білім алушыларды қолжетімді және тиімді әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай заманауи технологияларымен жабдықталған орталық жұмыстарынан көптеген тәжірибелер алмасуға мүмкіндік болды.

Кездесу соңында Yessenov University ректоры Берік Ахметов пен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов екі университет арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойды.