«YESSENOV FEST» студенттік фетивалі

2018 жылдың 13-14 сәуір күндері Біз студенттік көктем маусымын ашамыз! «YESSENOV FEST»-ке қош келдіңіздер!

Сіздерді көше футболынан, баскетболдан, воркауттан, ұлттық спорт түрлерінен ашық турнирлер,  қаланың үздік бишілері арасында DANCE BATTLE күтуде. Алғаш рет Ақтауда бояулар фестивалі, сонымен қатар университет студентері арасында шығармашылық байқаулар және  Hand made фестивалі өтеді.

Интеллектуалды шайқастарды бағалайтындар үшін «YU Debate CUP» Республикалық пікірталас турнирі, Science – фестивалі және спикер Бауыржан Қасымбергебаевтың қатысуымен Public talk өткізіледі.

Біз кеш соңында қаламызға қазақстандық эстрада жұлдыздарының және шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт сыйлаймыз!