2018 жылы 20 қыркүйекте «Компьютерлік инженерия» кафедрасының студенттерінің ұйымдастыруымен Workshop «Digital industry» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: egov.kz сайтында электронды үкіметтің қызметтерін пайдалана отырып, ХҚКО-да берілетін анықтамаларды үйде басып шығару мүмкіндігімен студенттерді таныстыру.

Студенттер үйде электрондық үкімет қызметтерін пайдаланудың ыңғайлығын атап өтті, себебі ХҚКО жұмысын автоматтандырылғанына қарамастан, қажет анықтаманы алу кезегін күту ұзақ уақытты талап етеді.