Владислав Трифоновпен кездесу

20 қыркүйек күні Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Владислав Трифоновпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында  қонағымыз студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Владислав Трифонов өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы әсер қалдырды. Кездесу соңында  өзінің насихат сөздерін студенттерге жеткізіп, естелік суретке түсті.