VII Қысқы Универсиада ойындары өтті

1 – 11 наурыз аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының VII Қысқы Универсиадасы өтті. 11 спорт түрінен спорттық іс-шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 1000-ға жуық студент қатысты. Бұл шараға Yessenov University студенттері де қатысты.

Yessenov University студенті Шолпанов Ыбырай 75 келі салмақ категориясында қол күрестен 1-орынға ие болды.