Туған өлкеңді толық танып біл

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы М. Бағдатұлының бастамасымен және Yessenov University-дің студенттерінің ұйымдастыруымен облыс аумағында  орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді  толығырақ біліп, студент-жастарға толық қанды мағлұмат беру мақсатында «Туған өлкеңді толық танып біл» атты тақырыпта университеттен 50-ден астам студенттер тарихи-өлкетану жерлерге саяхат жасап қайтты.

Саяхатшы студенттер ұлан-ғайыр даладан елдік пен ерліктің туын көтерген би-шешендер, абыз, батырлар шыққан киелі жерлерді аралады. Солардың бірі  Онды ауылы, Ағашты демалыс кешенінде болды.  Одан кейін,  осы ауылда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға,  қара қылды қақ жарған әділдігімен, ауыздыға сөз бермес шешендігімен кеңінен танылған қайраткер Әбіш Кекілбаевтың ауылына және оның анасының кесенелерінде болды. Содан соң  студенттер «Жетібай» мұнай-газ кешеніндегі мұнайшыларға арналған  мұражайында болды.