«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері университет студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бағыттарының бірі халықты цифрлық сауатын арттыру. Осыған орай 4 базалық цифрлық жолы қарастырылған.

1) Базалық шеберлік – компьютер, смартфон, планшет құрылғыларын қолдану бағыты жайында

2) E-gov – Халыққа қызмет көрсету орталығымен алынатын қызметтерді ол орталыққа бармай үйден немесе ұялы телефоныңыз арқылы кез-келген жерде бола тұра қажетті құжатыңызды алуға қол жетімділігі.

3) OpenGov –Ашық үкімет, бұл халық пен мемлекеттің арасындағы диалог өткізу алаңы.

4) E-commerce – интернет сауданың тиімділігі және интернет жүйесімен тауар алу немесе интернет дүкенін ашу, оны жүргізу, іске асыру тактикалары.

Өз кезегінде университет студенттері заман талабына сай құрылған бағдарлама бойынша сұрақтар қойып жауабын алды.