Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей: әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілетті болу керектігі және сол бәсекеге қабілетті болу үшін, дамудың жолынан ауытқымай, әрі қарай қарыштап өркендеу үшін, тарихымызды ұмытпай, туған жердің қадір-қасиетін түсіну, ұлттық кодты сақтай отырып, жат қылықтардан арылу –  барлық қазақстандықтарға міндетті екені нақты айтылған болатын.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Міржақып Бағдатұлының  ұйымдастыруымен: «Қаржы», «Есеп және аудит», «Туризм»  және «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандықтарының студенттері «Мәдени мұра ескерткіштері – киелі мұра» атты топтан топқа эстафетасы өтті.

Эстафета «Қашаған Күржіманұлының» ескерткішінен басталған болатын.  «Н.Жантөрин атындағы» Маңғыстау облысының музыкалық-драма театрында «Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөрин ескерткішінің тарихымен танысты. Эстафета мәресі қазақтың ұлы күйші-композиторы «Құрманғазы Сағырбайұлының» ескерткішімен танысуымен аяқталған болатын.