Теңіз академиясының әкімшілігі Yessenov University  қабырғасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс істейтін әртүрлі кеме компанияларының өкілдерін компаниялардың жұмыс бағыттарын, жүзу құрамы жұмысының ерекшеліктерін және теңізшілердің мансаптық өсуін түсіндіру мақсатында “public hearings” атты шара өткізді. Шарада теңізшілер өз тәжірибесі жөнінде баяндап, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. “Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі” мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары А. Теңізбаевқа тыңдауды өткізуге ат салысқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.