Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына орай, байтақ еліміздің құндылықтарын насихаттау мақсатында Yessenov University ғылыми жұмыс және интернационалдандыру бойынша проректоры Е.Т.Нұрмағанбеттың бастамасымен Маңғыстау өңірінің тариxи жерлеріне саяxат ұйымдастырылды.

Қарақия ойпатынан бастап, Шетпе кентіндегі этнограф, ғалым С.Қондыбай мұражайы, «Көгез» этноауылы, Ақмыш бұлағы, Қызыл қала қалашығы, Шерқала, Торыш дөңгелек тастар мекендерінде болып, ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған кең байтақ даламыздың  мақалада  көрсетілген  үш қырымен саяхатқа  шыққан  университет қызметкерлері аз ғана уақыттың  ішінде танысып, көз жеткізді. Атап айтқанда мақаланың алтыншы қыры «Ұлы Жібек жолы» бойынша- Қарақия ойпатымен, үшінші қыры «Аң стилі» бойынша-  Қызыл қала қалашығымен, бірінші қыры «Атқа міну мәдениеті» бойынша – «Көгез» этноауылымен  танысты. Жалпы алғанда, саяхат қызықты әрі тағлымды өтті.