Тұғыры биік Тәуелсіздік

Yessenov University-де 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты салтанатты шарасы өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылары және студенттер қатысты. Жиын барысында университет басшысы Берік Ахметов сөз алып, шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Берік Бақытжанұлы Ақтау қаласының 55-жылдығы медалімен университет қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шара студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.