Теңіз Академиясының 1-курс  студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының  аруақты жерлерін таныстыру мақсатында профессор Ж.Жұмаевтың басқаруымен «АДАЙ АТА»  танысу сапары өткізілді.

«АДАЙ АТА» танысу сапары студенттерге Маңғыстау облысының тарихи-мәдени және тарихи-сәулет мұраларын меңгеруге жол ашты.

«ОТПАН ТАУ» және «АДАЙ АТА» – Маңғыстау облысының сакралды орны – барлығымызды өлкенің баға жетпес тарихи мұрасын білуге, өлкені сүюге және Отанымыздың патриоты болуға  шақырады.