21-26 тамыз күндері Шымкент қаласы, Машат демалыс орнында “Startup Bolashak-Менің Арманым” жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының жартылай финалы болып өтті. Жазғы лагерь форматында өткізілген  байқау кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 70-ден аса жоба қатысты.

Стартап лагерде қатысушыларға әр түрлі бизнес тренингтермен қатар әр түрлі спорттық ойындардан жарыстар өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша жартылай финалда 5 жоба қатысып, 3 стартап жоба Астана қаласында өтетін финалға жолдама алды:

  1. «Биогаз құрылғылары», Торебай Нурдаулет, Бисен Айдана
  2. «Сабын өндірісі», Черноязова Мирамгуль;
  3. «Ұнтақталған қымыз, шұбат өнімдері», Муханалиев Нұрғазы, Жүзбергенов Самат, Жеткинбаев Бауыржан, Қараногаев Әлібек,