«Инжиниринг» факультетінде ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде мұнай мамандықтарының студенттері арасында зияткерлік ойындар өткізілді. Ойынды SPE студенттік бөлімінің жетекшісі, «Мұнайгаз инжиниринг» кафедрасының доценті М.Қ. Қаражанова ұйымдастырды. Мұндай ойындарды өткізу білім беру үдерісінде маңызды рөл атқарады, өйткені ол ғылыми және оқу әдебиетіне қызығушылық тудырады; эмоционалдық көңіл-күйді және позитивті оқыту мотивациясын қолдайды,  студенттерге оқу жағдайларын шығармашылық шешуге қабілеттілігін дамыту үшін жағдайлар жасайды.