«Шамшырақ» қайырымдылық клубының таныстырылымы

27-қыркүйек күні UNION OF YU студенттік кеңесінің студент жастардың бастамасымен ашылған «Шамшырақ» қайырымдылық клубының таныстырылымы өтті. Клуб жетекшісі – “Орыс тілі мен әдебиеті” мамандығының 3-курс студенті Ермағанбет Әминаның айтуынша, клубтың мақсаты – университет білім алушыларының бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Бүгінгі шарада «Шамшырақ» клубының жүздеген мүшелері дүйім көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынып, қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Алғашқы жәрмеңкеден түскен қаражат 1-қазан Халықаралық қарттарды қорғау күніне орай қарттар үйіне жұмсалады деп жоспарлануда.