26 Қыркүйек 2019

«Yessenov – жасыл кампус» акциясы

Биыл бүкіл Қазақстан бойынша «Бірге – таза Қазақстан» атты жаңа экологиялық акция басталды.
Жоғарыда аталған акция аясында университеттің студенттері, қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы «Yessenov – жасыл кампус» акциясын жалғастырып, сенбілік өткізді.
Әр факультеттің студенттері мен оқытушылары бірігіп, университет және жатақханалар аумағында тазалық жұмыстарын өткiздi. Біздің қаламыздың тазалығын, сұлулығын сақтауға және оның көрікті жерлерін қоқыстан тазартуға бүгінгі сенбілікте Yessenov University ұжымы өз үлесiн қосты.