Серікбол Қондыбай мұралары

7 маусым күні Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы мен Yessenov University ұйымдастыруымен «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өте терең мазмұндағы ғылыми баяндамалар жасалған үлкен жиын болды.

Конференцияға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары, университет басшылары және республикамыздың жиырмаға жуық атақты ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, АҚШ, Түркия, Ресей, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінен мифология, философия, тарих, этнология, археология салаларының оннан астам ғалымдары және музей зерттеуші орталығының  арнайы шақырылған өкілдері қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, соңына қыруар ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым  Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның отандық ғылымдағы орынын айқындау.

Конференция келесі  бағыттар бойынша жүргізілді:

  • С.Қондыбайдың лингвистикалық талдау әдіснамасы және әлемдік мифология мен тілдер қалыптасуының ортақ тамырлары;
  • Мифтің мәдени жад формасы ретіндегі өзектенуі (мифтік бейнелер, сюжеттер, реконструкциялар);
  • С.Қондыбай мұраларындағы байырғы халық мәдениеті және Рухани жаңғыру.