«Педагогика» факультетінде «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастырумен «С.Қондыбай және ұлттық руханият» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Жоламан Қоблановтың кіріспе сөзімен басталды. Кафедра меңгерушісі Ақмарал Отарова, профессор Бибайша Нұрдәулетова және магистр Гүлдана Алтыбаевалар қатысты.

Дөңгелек үстел ұстаздар мен магистрант, студент жастардың еркін әңгімесі түрінде өрбіді. Студенттер мен магистранттар С.Қондыбай шығармашылығынан, сондай-ақ өздерін толғандырған  ұлттық руханият мәселелері туралы да сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранты Майра Қаражанова С.Қондыбай еңбектерін қызыға зерттеп жүргендігін айтып, қысқаша баяндама жасады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының cтуденттері Әбді-Рахман Дәлубай, Нұргелді Ұзақбаев, Балзира Азимова мифолог ғалым С.Қондыбайдың өмірі, зерттеу еңбектері туралы мәліметтерімен бөлісті. Нұржан Асамадинов, Арғын Қосай ұлттық рухқа арналған өлеңдерін оқыды. Дөңгелек үстел «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Жоламан Қоблановтың қорытынды сөзімен аяқталды.