Yessenov University қонақтары

2018 жылдың 19-маусым күні Yessenov University-ге ҚР Президент әкімшілігі Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Ахетов Қайнар Қайниұлы, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының аға ғылыми қызметкері Қожагелдиев Бауыржан Обаханұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылым-зерттеу орталығының «Қасиетті Қазақстан» секторының жетекшісі Шауенова Гульзабира Абикеновна, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Маңғыстау өңірлік жобалық офисінің жетекшісі Азан Гүлайым Бақытқызы келді.

Университет ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы қонақтарға «Рухани жаңғыру» кабинетінде университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жайлы презентация жасап толық айтып берді. Қонақтар университет кітапханасымен, оқу корпусымен танысты.