Республикалық бірыңғай сағаты

2018 жылдың 16 мамыр күні Yessenov University-де «Экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» кафедрасында «Мемлекеттік қызмет істері органдарының  құрылғанына жиырма жыл» атты республикалық бірыңғай сағаты өткізілді.

Шара барысында «Құқықтану» мамандығының 2, 3 курс студенттеріне «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру», «Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл», «Көлік және құрылыс» факультетінің 3 курс студенттеріне «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы дәрістер жүргізілді.