Ректор “Инжиниринг” факультетінің студенттерімен кездесу өткізді

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Инжиниринг” факультетінің студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Студенттерді жасанды интеллект, цифрландыру, шетелдік академиялық ұтқырлық мәселелері қызықтырды. Негізгі тақырыптардың бірі студенттердің стартаптарын іске асыру болды. Студенттер қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алды.