ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті

Бүгін Yessenov University студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әйтімова Бірғаным мен Чельепеков Бақтыбаймен кездесті.

Кездесу барысында Бірғаным Әйтімова және Чельепеков Бақтыбай Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары «Startup Bolashak: Менің Арманым» Республикалық стартап-жобалар байқауының қатысушыларымен кездесті.