Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржанмен кездесу өтті.

Бауыржан Амангелдіұлы өзінің өмірлік жолы жөнінде қысқаша баяндап, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Келген қонағымыз Абайтанушы, Шәкәрімтанушы, Мұхтартанушы болғандықтан, қазақ әдебиетінің алып тұлғалары жөніндегі көп адам біле бермейтін деректер студенттерге өте қызықты болды. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен  естелік суретке түсті.