Public talk Мендеш Салихов

Yessenov University-де #PublicTalk  жобасы аясында Ақтау қаласының құрметті азаматы, Экономика ғылымдарының кандидаты, “Catkaz Limited”компаниясының бас директоры Мендеш Салиховпен  кездесу өтті.  Мендеш  Халелұлы өзінің өмірлік жолы жөнінде қысқаша баяндап, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен  естелік суретке түсіп, өзінің авторлық кітаптарын сыйға тартты.