Public talk «Мен шақыруды қабылдаймын» тақырыбында кездесу өтті

15 наурыз күні Miss Yessenov University 2018 жоба шеңберінде Public talk «Мен шақыруды қабылдаймын» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар мотивациялық сөз сөйледі.

Іс-шараға Miss Yessenov University 2018 қатысушылары, университет студенттері және спикерлер, олардың ішінде «Каспий» кәсіби баскетбол клубының менеджері Самсон Аракелян, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Территория дизайна «deSali» студиясының директоры Сәуле Салихова, жүзудегі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пара Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, жүзуден IWAS Әлемдік ойындардың бірнеше дүркін чемпионы Эллина Байдельдинова және жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, жүзуден әлем ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Қуаныш Асқар қатысты. Сонымен қатар кездесуге Гүлнұр Бижанова, Қарлығаш Қожабаева, Медина Сақтағанова, Жансая Сабанбай және Қайрат Хасанов сияқты пікір көшбасшылары қатысты.