Yessenov University «Құқықтану» кафедрасында  Маңғыстау облыстық прокуратурасының өкілдері С.Р. Калимова, М.Б. Боранбаева және Маңғыстау облыстық сотының отставкадағы судьясы В.Н. Кимнің қатысуымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» және «Апаттылық картасын» жасақтау бойынша ұсыныстарды талдау туралы семинар өткізілді.