Yessenov University «Остров 10-22» жабылу салтанатында білім беру интенсивіне қатысушы ҚР және РФ 100 жоғары оқу орындарының қатарында 20.35 университетінің платформасымен, Стратегиялық бастамалар агенттігімен (АСИ) және IT-компаниялармен, жасанды интеллект саласындағы ресейлік көшбасшылармен және ИИ технологияларына оқытумен қол қойды: Mail.ru Group, Крибрум, Skyeng, Bigdata team, GIL ғылыми-білім беру саласындағы ұйымдарды сандық трансформациялау қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойды. Құжат ЖОО-ның жасанды интеллект бойынша желілік жобадағы ынтымақтастығын көздейді.Меморандум жасанды интеллект технологияларын оқытудың бірыңғай бағдарламасын іске қосу туралы болып отыр. Студенттер, оқытушылар, басқарушылар мен ғалымдар қатысатын желілік жоба қыркүйек айында басталады.

Жоба жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін жағдай жасау бойынша университеттердің, жеке және мемлекеттік ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Сондай-ақ, жоба оқытудың қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруде осы технологияларды жасауды және кеңінен қолдануды көздейді.

Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті игеруді қамтамасыз ететін модульдер қолжетімді болады, олар барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларына және дайындық бағыттарын енгізе алады.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде өз қызметінде жасанды интеллект технологиясын пайдаланатын мамандар құзыреттерінің сандық үлгілерін қалыптастыру үшін деректерді бірлесіп жинақтау, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып ұсынымдық сервистерді құру және жетілдіру, цифрлық контентті құруға және жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті дамытуды қамтамасыз ететін білім беру белсенділігін іске асыруға қатысу көзделіп отыр.