Optimum Жобалау  институтымен меморандум

Yessenov University және «Optimum Жобалау  институты» ЖШС арасында біріккен ғылыми жұмыстарға арналған келісім жасалды.

Келісім-шарт аясында университет шаруашылық-келісім негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Аталған жобаға «Инжиниринг» факультетінің «Мұнайгаз инжиниринг», «Геология» және «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының ғалымдары қатысатын болады. Ғылыми жоба газконденсатты кеніштерді игеру проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба жұмысына сәттілік тілейміз.