О, адамдар, біргемін мен сендермен!

15 мамыр күні Yessenov University және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясына өзгеше өріс, тың тыныс, рухани төңкеріс ала келген айтулы ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтті.

Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, естеліктерімен бөлісті.
Кеш соңында студент-жастар Төлеген Айбергенов өлеңдерінен көркем сөз оқыды.
Тікелей эфирде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым мен мәдениет саласы өкілдері қатысып, әсерлерімен бөлісіп отырды.